БҮГІНГІ ТАҢДА 98 ШЕТЕЛДІК БАҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЗА АЛАДЫ
Бүгінгі күнге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің аккредитациясынан өткен 98 шетелдік БАҚ елімізде 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Президенттік сайлау туралы жаза алады. Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг өткізген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Орталық сайлау комиссиясының негізгі міндеті – бұл негізгі халықаралық принциптерді орындау, сайлау туралы заңнаманың орындалуын қадағалау. Негізгісі – құқықтық қамтамасыз ету. Орталық сайлау комиссиясы сайлау құжаттарының түрлері мен үлгілері туралы қаулы қабылдады. Іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді», - дейді ол.
ОСК мүшесі мәлім еткендей, 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы Халықаралық бақылау институты осы сайлауда да белсенді жұмыс атқармақ. Бұдан өзге, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының және Сыртқы істер министрінің щақыртуын алған шетелдік БАҚ өкілдері қазірдің өзінде сайлау барысын жаза алады.
«Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы 1994 жылы Халықаралық бақылау институтын ашқан. Бұл институт Президенттік сайлау барысында да жұмыс істейді. Сайлау туралы заңға сәйкес, шетелден және халықаралық ұйымдардан бақылаушыларға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен Сыртқы істер министрі жібере алады. Дәл қазіргі кезде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өткен 98 шетелдік БАҚ өкілдері сайлау барысын жаза бастады», - деген ол сайлау барысын еліміздегі саяси партиялар мен өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері бақылай алады.