МАРИНА ВОЛЬНОВА ЖАҚЫНДА БАЛАЛЫ БОЛАДЫ
2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бокстан қыздар арасында қола жүлдегер атанған жерлесіміз Марина Вольнова республикалық сайттардың біріне берген сұхбатында декреттік демалыста жүргенін айтты, деп жазады seihun.info.
Боксшы сұхбатында отбасылық өмірдің ұнайтынын айтқан. Оның құдай қосқан қосағы - әскери қызметкер. Екеуі «Тұран» университетінде заң факультетінде бірге оқыған. Сол жерде танысады. Ол кезде болашақ жары Маринаның атақты боксшы екенін білмеген екен. Естігенде таңғалысын жасырмаған көрінеді. Қазір олар тұңғышын күтіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, бала мамыр айында дүниеге келуі керек.