ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ
Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Боран соғып, тұман түседі, жел тұрып, көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметтерінше, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді,кей жерлерде боран соғады. Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, 25 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі деп болжануда.
Қарағанды, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, соңы боранға ұласуы ықтимал. Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, қар борайды. Павлодар облысында да боран соғып, көктайғақ болады, 17-22 м/с дейін жел күшейеді.
«Қазгидромет» РМК дабылды ескерту жариялап отыр, 10 наурызда күндіз, 11 наурызда түнде Ақмола облысында 15-20 жылдамдықпен оңтүстік-батыстан жел соғып, кей кездері екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.