13 НАУРЫЗДА ЕЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН, БЕЛАРУСЬ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ҮШЖАҚТЫ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
11 наурызда Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өтеді, оған елдің барлық өңірлерінен 1200 делегат қатысады.
13 наурызда елордада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын және Украинадағы ахуалды талқылайды.