ШАҺАР БАСШЫСЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мереке қарсаңында әр салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ нәзік жандыларды қабылдады, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Елуден аса әйелдер қатысқан шараға Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық – мәдени орталықтардың мүшелері, журналисттер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар келді.
Шара барысында қала әкімі Н. Нәлібаев әйелдер қауымын Халықаралық мерекемен құттықтай келе аруларымыздың қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тереңірек тоқталды.
Шаһар басшысының қабылдауына келген ҰОС ардагері Любовь Колесник осындай бірлігі мен берекесі жарасқан елде өмір сүріп отқанын мақтан ететіндігін айтып және осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғысын жетікзді.
Фариза ОМАРОВА