ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған. Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі саналатын қыз-келіншектеріміз қазіргі таңда уақыт көшінен қалмай, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде 200-ге жуық ерлермен иық тірестіре жүріп, жауапты да күрделі салада нәзік жандылар абыройлы қызмет етуде. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан олар азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндет етіп келеді.
Бүгін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты шара барысында полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатталды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Құрмет грамотасымен» Қызылорда ОІІД Кадр жұмысы басқармасының ұйымдастырушылық-штаттық тобының департамент бастығының көмекшісі полиция подполковнигі Зульфия Айдарова, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омыраулық белгісімен Қызылорда ҚІІБ ӘПБ ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Баян Сапарбаева, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Алғыс хатымен» Қызылорда ОІІД Қазалы АІІБ ӘПБ бастығының орынбасары Есетова Құрмет марапатталды. Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 102 қыз-келіншегіне құрмет көрсетіліп, оның ішінде 16-сы Құрмет грамотасымен, 12-сі Грамотамен, 17-сі Алғыс хатпен марапатталып, 57-не Алғыс жарияланды.
Сонымен қатар, шара барысында жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтың мүддесі үшін көп жылдар бойы қажымай еңбек етіп келген Фируза Абдырахманқызын құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды.
Ерекше марапатқа, құрметке ие болған қыз-келіншектерді, жалпы әйелдер қауымымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріне саулық, босағаларына бақ пен береке, шаңырақтарына ырыс-ынтымақ, қызметтеріне абырой тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем болсын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі