ЕЛБАСЫ 8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ардақты аналар мен еліміздің барша қыз-келіншектерін 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Елбасы әйел ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі екендігін айта келе, олардың қоғамдағы ролі жоғары екендігін тілге тиек етті. Қазақстанда 9 милионнан астам нәзік жан бар. Олардың 75 пайызы денсаулық саласында, 40 пайызы бизнесте еңбек етіп жүр. Дүниеге сәби де әкеліп, демографиялық көрсеткіштерді жақсаруына септігін тигізіп отыр. Елімізде жыл сайын 400 мың шарана өмір есігін ашады. Президент бала тәрбиесі, қоғамның тыныштығы нәзік жандыларға тікелей байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, барша әйелдер қауымыны зор денсаулық тіледі.