НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚОСЫМША ПОЙЫЗДАР ҚАТЫНАЙТЫН БОЛАДЫ
Наурыз мерекесі қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ әр түрлі бағыттар бойынша қосымша пойыздар шығарды.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, №153/154 «Астана-Қостанай» пойызы Астанадан 20 наурызда, Қостанайдан 21 наурызда жолға шығады.
№61/62 «Алматы-Арыс» пойызы Алматыдан 19 наурызда, Арыстан 20 наурызда жолға аттанады.
№151/152 «Алматы-Көкшетау» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы Алматыдан 21 наурызда, Көкшетаудан Алматыға 23 наурыз күні қатынайды.
№156/155 «Қарағанды-Жезқазған» пойызы болса Қарағандыдан алдағы 20 және 24 наурызда, Жезқазғаннан 21 және 25 наурызда жолға шығады.