2015 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕДЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады министрліктің ресми сайтында.
Вице-министр Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Министрлік азаматтардың табысы аз санатын әлеуметтік қорғаудың пассив моделінен актив моделіне өту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап көрсетті.
Аталған тәсілдер 2014 жылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және өту, қажеттігіне қарай отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасын үш облыста (Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында) қолға алу арқылы іске асырыла бастады.
Өткен жылы жобаға 4 мыңға жуық отбасы қатысты. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 5066 адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санының 88% тартылды.
Сәйкесінше, жобаға қатысушылардың табысы (2 еседен артық) артты, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрылымындағы еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі 21,1%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны -16%-ға, балалар жәрдемақысын алатындар саны - 3,7%-ға қысқарды.
Өткен жылғы жұмыс қорытындысын ескеретін болсақ, 2015 жылы: механизмдерін жетілдіре отырып, пилоттық жобаны іске асыруды жалғастыру; бүкіл еліміз бойынша әлеуметтік келісімшарт талаптарында шартты әлеуметтік көмекті 2016 жылғы 1 шілдеден бастап толыққанды енгізу үшін нормаларды көздейтін заң жобасын әзірлеу; 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық өңірлерде «Өрлеу» жобасына ұқсас өңірлік пилоттық жобаларды әзірлеу және енгізу жоспарлануда.