ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТЫ ӘЙЕЛДЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Кеше, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев, сот судьялары мен қызметкерлері қатысты. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.
«Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын және Сіздерге деген зор ілтипат, құрмет, алғыс білдіргім келеді. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі.Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Бұл еңбек етуші әйелдерді әлеуметтік-экономикалық қолдауға, гендерлік теңдік, отбасы, ана мен баланы құқықтық және әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарында көрініс алады.
Осынау жарқын мерекеде баршаларыныздың дендеріңізге саулық. отбасыларыңызға бірлік - береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт пен әсемдік тілеймін», - деп жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, ұжымның атынан Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы, бес баланың анасы – Аружан Абдраимова естелік сыйлық табыс етті.