ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болуымен байланысты күн райы ашық болады, республиканың оңтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Таяудағы тәуліктерде Сырдарияның төменгі ағысында, Алматы облысының өзендерінде (Іле, Талас, Қаратал, Шынжалы, Тентек және басқалары) мұз қабаты әлсіреп, су деңгейінің құбылуы күтілуде.