КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСШЫЛАРҒА 378,9 МЛН.ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ
Қызылорда облысының өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың алдында жалпы сомасы 378,9 млн.теңге болатын қарыздары бар 6 кәсіпорын анықталды. Бұл туралы бүгін облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында дағдарысқа қарсы шаралар мәселелері бойынша өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жұмысшыларға қарыздары бар «Азияш» ЖШС, «КазРос-Мұнай» ЖШС, «Фрак Джет» ЖШС, «ҚұмкөлКөлікҚызметі» ЖШС, «Мұнай технологиялық және инжиниринг компаниясы Хайлон» ЖШС, «КазПромКызылорда» Компаниясы» ЖШС басшыларымен байланыс орнатылып, тікелей кездесулер ұйымдастырылды.
-Қазіргі таңда аталған 6 кәсіпорын 378,9 млн жалақыға қарыздың 195,3 млн теңгесін төлеп берді. Қалған 183,6 млн теңгені қайтаруға басқарма тарапынан тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыстар атқарылуда, - дейді басқарма басшысы М.Имандосов.
Фариза ОМАРОВА