ҚЫЗЫЛОРДАДА САЛЫНАТЫН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОМБИНАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов қытайлық инвесторлар: «Masteel» компаниясының еншілес компаниясы «Anhui Masteеl Engineering» компаниясының бас директорының орынбасары Ge Xinijian, компания өкілі Zhao Ying Gui, «Huatian Engineering» компаниясының бас директорының орынбасары Xiao Hongfei, компанияның бас жобалаушылары, сондай-ақ аталмыш компаниялардың қазақстандық әріптестері: «Ferrum - Vtor» ЖШС-нің құрылтайшысы Абдурашит Омаров және бас директоры Руслан Омаровпен кездесті. Бұл туралы Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Masteel» компаниясы – Қытайдағы болат құюмен айналысатын ірі компаниялардың бірі. Аталмыш компания жыл сайын 20 млн.тонна болат өндіреді және әлемнің 20 үздік металлургиялық компанияларының қатарында.
«Бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының Қытай мемлекетіне жұмыс сапарында Палата мен компаниялар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылған болатын.
Қызылордадағы кездесуде делегаттар қазақстандық әріптестерімен бірге Қызылорда облысы аумағында металлургиялық комбинат салғысы келетіндіктерін айта отырып, комбинатты салу барысында қосымша мердігер ретінде жергілікті компанияларды тарту шарттарын талқылады.
Жоба жүзеге асқан жағдайда жылына 1 млн.тонна метал бұйымдарын шығарып, 3000 адамды жұмыспен қамтитын болады. Жоба құны 800 млн.доллар көлемінде» - дейді кәсіпкерлік палатасының директоры Р.Досмаханов.
Аталмыш жобаны Қазақстан-Қытай келісімі аясында жүзеге асыру көзделуде. Осы орайда, компания өкілдері ірі жобаларды сүйемелдеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері туралы толықтай кеңес алғысы келетіндіктерін айтты. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы заңдық және өзге де сервистік қызметтерді толықтай көрсетуге дайындықтарын жеткізді.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов қытайлық инвесторларға жұмысын бастау үшін жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізе отырып, инвесиция салу барысында мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктермен таныстырып өтті.
Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қытайлық инвесторлардың облыс басшысымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде аталмыш жобаны Сексеуіл кентінде жүзеге асыру мүмкіндігі және экономиканы әртараптандыру барысында мемлекеттен көрсетілетін жеңілдіктер жайы талқыланды.