МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ РЕТІНДЕ 135 АДАМ ТІРКЕЛДІ - ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының 2015 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша барысын жария етті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Казақпарат хабарлады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 29 наурызында республиканың 14 өңірінде 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Барлығы Астана қаласы мәслихатының 1 депутаты, 8 облыстық депутат, 10 қалалық депутат және аудандық мәслихаттардың 40 депутаты сайланады. Қазіргі сәтте кандидаттарды ұсыну аяқталды. Барлығы 196 адам ұсынылды. Олардың 60-ын саяси партиялар ұсынса, 136-сы өзін-өзі ұсынғандар», делінген хабарламада.
Ұсынылған кандидаттардың 138-і - ер адам және 58-і - әйел адам. Мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің орташа жасы - 42,5 жасты құрайды, 85,2%-ының жоғары білімі бар.
Қазіргі сәтте мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ретінде 135 адам тіркелді. Олардың 49-ы - Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, енді 25-і өздерінің партияға тиесілілігін көрсетпеген.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтуде. Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтінімдер келіп түскен жоқ.