ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІЛЕРІН ТОҚТАТУ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы бұзушылық және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес, субъектiлердiң қызметіне бақылау жүргізу оларды тексеру және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Департаментпен бақылаудың өзге нысандарының шеңберінде жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заң талабының сақталмағаны, яғни 2013 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша міндетті аудитті жүргізбегені және есепті мерзімді баспасөз басылымдарында жарияламағаны үшін «М.Т.Транс сервис-2010» ЖШС-не, «Сумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жөндеу» МКК-на, «Қызылорда ЭХО Инженеринг» ЖШС-не, «Спец Invest» ЖШС-не, «РЗА» АҚ-на, «Арал су сервис» МКК-на, «Комбинат строительных материалов и конструкций» ЖШС-не табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманың бұзылуын жою жөніндегі нұсқамалары енгізілді.
Осы ретте, нұсқамаларды орындамағаны үшін «Қызылорда ЭХО Инженеринг» ЖШС-не, «Спец Invest» ЖШС-не, «Комбинат строительных материалов и конструкций» ЖШС-не жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, олардың нәтижесінде екі субъектіге міндетті аудит жүргізуден жалтару бойынша әкімшілік іс қозғалды. «Комбинат строительных материалов и конструкций» ЖШС-і тексеру барысында департамент нұсқамасының талабын орындады.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерімен заңнама талабының сақталуын бақылау және тұтынушылар құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында, 2015 жыл басынан 5 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 10 нұсқама берілді.
Сонымен, департамент тарапынан қабылданатын ден қою шаралары жаңа заң бұзушылықтарды алдын алуға және ескертуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті