«АСБОЛ» БАЗАРЫНДА ЖОСПАРДАН ТЫС ӨРТ – ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
«Асбол» ЖШС базары аумағында жоспардан тыс өрт – тактикалық жаттығуы өтті. Оған Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қала өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, облыстық ІІД мен қаланың басқа да авариялық қызметтері қатысты. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу –жаттығу кезінде «өрт» базар ғимаратының сол жақ қапталынан шықты. Түтін дәліз бойымен жан - жаққа тарай бастады. Төтенше жағдайлар шарты бойынша адамдар «зардап шекті». Өрт – құтқару күші келгенге дейін кезекші қызметі адамдарды ғимараттан шығарып, құтқаруды ұйымдастырды.
Жаттығу шынайы өту үшін түтінге ашық сахналық зиянсыз қоспалар пайдаланылды. Жаттығу барысында басшылардың тапсыруымен тілсіз жаудың имитациясы белсенді және қозғалғыш болды және осыған сәйкес әрекеттер жасалды.
Өрт - тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты - ақиқаттықтың және нысанның өртке қарсы жоспарының тиімділігінің тексерісі болып табылады; Өртке қатысушылардың дайындығы; ғимараттардың өрт – техникалық жағдайларымен танысу; өрт кезінде жұмыстың қауіпсіз тәртібі;
Төтенше жағдайларда базар ғимараты аумағында өзінің өзгешелігіне қарай тиісті күрделіліктер орын алады. Оқу – жаттығу кезінде барлық жағдайлар ескеріліп, кезекші қызметтің әрекеттері тез арада жұмылдырылады.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен атқарылған іс-шараларға жалпы жақсы деген баға берілді.
- Іс –шара аясында төтенше жағдайлар туындаған кезіндегі біркелкі іс-әрекет атқарылды, - деп атап өтті, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі О. Жұмабеков. Біз өз мақсатымызға қол жеткіздік – себебі сауда мекемесінің жұмысшылары және өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері шапшаң әрі нақты іс-әрекеттерін көрсете білді, дейді ол.
Өткізілген өрт-тактикалық жаттығуға 8 бірлік құрайтын күш-құралдарымен техника жұмылдырылды, онын ішінде, 6 негізгі және 1 арнайы, 1 штабтық автокөлігі, өрт бөлімдерінің жеке құрамы мен мекеменің офицер құрамы 61 қызметкер қатыстырылды.
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы