ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЕЛБАСЫНА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРІП ХАТ ЖАЗДЫ
Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерінен, медицина қызметкерлерінен, білім беру саласының өкілдерінен, сондай-ақ елдің түрлі өңірлеріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі толассыз келіп түсуде, деп жазады Ақорданың ресми сайтында.
Атап айтқанда, Қызылорда облысындағы «Абзал және К» толық серіктестігі ұжымы еліміздің қол жеткізген табыстарын нықтай түсіп, бұдан әрі жаңа биіктерге ілгерілеуінің маңыздылығына назар аударыпты.
«Бұл үшін ең алдымен мемлекет басында Сіздің тұрғаныңыз қажет. Сондықтан біз Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Сіз қатысады деп үміттенеміз және Сізге өз дауысымызды беретінімізді хабарлаймыз. Барша қазақстандықтар сияқты біз болашағымызды тек Сізбен байланыстырамыз», – делінген хатта.
Қызылорда облысындағы «Аралтұз» АҚ еңбеккерлері Қазақстанның барлық, соның ішінде халықаралық деңгейдегі елеулі жетістіктері Мемлекет басшысы қызметінің нәтижесі екенін атап өткен.
«Біз өз кандидатураңызды ұсынғаныңызды, сайлауда жеңгеніңізді және жұмысыңызды жалғастырғаныңызды қалаймыз. Бұл – тек біздің қызметкерлердің ғана емес, елдің тағдырын маңызды санайтын барша қазақстандықтардың тілегі», – деп жазады авторлар.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты хаттар легі әлі де жалғасуда.