ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА «БҰҰ-ӘЙЕЛДЕР» ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі, Орталық Азиядағы «БҰҰ-Әйелдер» бірнеше елге арналған бөлімшесінің директоры Илейн Конкиевичпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесуге сондай-ақ Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Тарасенко қатысты.
Тараптар әйелдерді жұмыспен қамту, әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мәселелерін шешу ісіндегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екеніне тоқталды. Гендерлік теңдікті ілгерілету, еліміз мүшесі болып табылатын әйелдерге қатысты шектеудің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясы ережелерін сақтау жөніндегі бірлескен жұмысты атап өтті. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының белсене атсалысуы арқылы әзірленіп, қабылданды.
Гүлшара Әбдіқалықова қазіргі жағдайдағы әйелдер рөлінің көпқырлылығына және олардың жан-жақты дамуы мен жасампаздық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау қажеттігіне назар аударды.
Мемлекеттік хатшы Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты аясында жаңа жұмыс орындары мен өндірістер құрумен байланысты барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді түрде тартуға Ұлттық комиссия барынша ықпал ететінін атап көрсетті.