БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН ЖАҢБЫРЛЫ БОЛАДЫ
Бейсенбі, 7 тамызда, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, қалған аймақтарда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағайлы өткінші жауын жауып, солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында да кей жерлерде бұршақ жауып, 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Атырау облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен топырақты жел соғады.
Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ақмола облысында түнде және таңертең – тұман. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн аптап ыстық болады.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында ауа райы ыстық, кей жерлерде аса ыстық болады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батыс және орталық бөліктерінде аса қауіпті өрт шығу жағдайы сақталады.