ЕЛІМІЗДЕ КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның барлық аумағы әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы климаттық нормадан 5-10° жоғары болады, күн ашық әрі ала бұлтты болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Атап айтсақ, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 23-28 м/с жел соғады, екпіні 30 м/с-тен асады.
Естеріңізге салып өтсек, Алматы облысында кеше сағат 10:40-тан бастап күн райының құбылмалы болуына байланысты «Үшарал – Достық» (83-184 км) автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық.