ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ КӨМЕКТЕРІ ҮЗДІК КЛИНИКАЛАРДА КӨРСЕТІЛЕДІ
2015 жылы Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен қатысушыларына медициналық және оңалту көмектері ұлттық ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ведомствоға қарасты ұйымдарында көрсетіледі. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланған.
Аталған орталықтар кардиологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық және өзге де әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Айта кету керек, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына медициналық көмек республикалық та, өңірлік те деңгейде, сондай-ақ, еркін таңдау құқығы бойынша кез-келген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне стационарлық көмек Астана мен Алматы қалаларында орналасқан 2 арнаулы республикалық госпитальде, сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы «Қазақстан» шипажайында көрсетіледі.
Аталған клиникаларда емделуге жолдамалар алу үшін өңірлік емханаларға хабарласу керек. Оларда ыңғайлы болу үшін жекеше тіркеу бөлімі ашылып, жеке мамандар бөлінген.
Ауырып қалғанда немесе жағдай ауыр кезде жоспарлы емделуге жолдаманы рәсімдеу үшін науқасты қарап, зертханалық тексеру жасау үшін учаскелік дәрігерді үйге шақыру керек.