МЕРЕКЕ САЛТАНАТЫНДА ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Биыл «Нұр Отан» партиясына 16 жыл. Осыған орай жетекші партияның өңірлік филиалында саяси ұйымның жиыны болып өтті. Оған партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, нұротандықтарды мерекемен құттықтады.
«1 наурыз – Нұр Отан партиясының құрылған күні. Партияға биыл 16 жыл толды. «Нұр Отан» партиясы бүгінгі күні еліміздегі ең мықты, халықтық және тұрақты қоғамдық-саяси күшке айналды. Бүгінде партия – халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес», - деген аймақ басшысы бірқатар азаматтарды партия құрамына салтанатты түрде қабылдады. Сондай-ақ, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген партия белсенділері мен ардагерлері «Нұр Отан» партиясының 16 жылдығына орай партия төрағасының Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мұнан соң «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалынының жаңа орынбасары тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін бұл қызметті атқарып келген Жандос Базартайдың басқа қызметке ауысуына байланысты, бұл лауазымға қала әкімінің орынбасары Роза Боханова тағайындалды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Жандос Базартайға аймақ басшысы Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.