ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКIЗУ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ
Осыған қатысты бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы және тағы басқа да бірлестік жетекшілері мәлiмдеме жасады.
«Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы болашаққа деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, 2015 жылдың 26 сәуіріне жоспарланған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдасқан түрде өткізуге атсалысуға және сайлауға қатысуға дайын екендігімізді білдіреміз» - дейді қауымдастық төрайымы Ә.Әбдіхалықова.
Ол сырбойылықтар әлемнің ең озық экономикасы дамыған мемлекеттер қатарына енуге мүмкіндік беретін «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын қолдайтындығын атап өтті.
Сондай-ақ, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының президенті Н.Мұсаева және «Жас отан» Жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сабанбаевтар сөз алып кезектен тыс Президент сайлауын 2015 жылы өткiзу бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Елiмiздегi барлық қоғамдық бiрлестiктер мен бүкiл азаматтарды ынтымақтаса отырып, елiмiз үшiн сындарлы уақытта бiрге болуға шақырды.
Фариза ОМАРОВА