БИЫЛ 1900 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАНАДЫ
Алдағы төрт жылда еліміздің экономикасының басым секторларына жыл сайын төрт мыңға жуық білікті кадрлар қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қажетті кадрлар толығымен анықталып отыр. Яғни, алдағы төрт жыл ішінде еліміздің экономикасының басым секторларына жыл сайын төрт мыңға жуық білікті кадр қажет.
«Сол себепті біз биылғы жылдан бастап осы бағытта магистрлерді дайындауды бастаймыз. Биыл бейіндік магистратура бойынша 1900 адам қабылдап, келесі жылдары 2500-ден 3000-ға дейін адамды қабылдауды жоспарланып отырмыз», - деді Т.Балықбаев.
Вице-министрдің айтуынша, осы жұмыстар тыңғылықты атқарылғаннан кейін 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті кадрлар толығымен дайындықтан өтіп, жұмысқа кірісетін болады.