ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДЕГІ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ҚОЛДАЙДЫ
Сыр бойының кәсіпкерлері ел Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы қабылдаған шешімін қолдайды.
Бұл жөнінде бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов мәлімдеді.
«Әлемде тұрақсыз экономикалық жағдай қалыптасып, бұл мәселе елімізден сырт айналып өтпейді және қазірдің өзінде ел ішінде экономикадағы дағдарыстық құбылыстар салқыны сезілуде.
Дегенмен, бұл дағдарысты еңсеруде Қазақстан экономикасының қоры жеткілікті. Қазір елімізде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі кешенді шаралар қабылдануда. Дағдарысқа қарсы "Нұрлы жол», үдемелі индустриялық-инновациялық даму және өзге де мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Бұл дегеніміз – жаңа жобалар, жаңа жұмыс орындары, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған кешенді шаралар. Осы шаралардың барлығы Қазақстанның дағдарыс кезеңін абыроймен жеңіп, одан бекініп шығуда шешуші шарт болатынына сенімдіміз.
Осы орайда, біз бизнес-қоғамдастық өкілдері Елбасының мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы қабылдаған шешімін бір ауыздан қолдаймыз, - деді Р.Досмаханов.
Сондай-ақ Палата директоры әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси тұрақтылығы мен одан әрі дамуына мүмкіндік беретін Қазақстан болашағы үшін сенімді қадам екендігін жеткізді. Барша қазақстандықтардың алға қойған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға жұмылуына септігін тигізетін маңызды қадам болатынына сенім білдірді.