BEELINE ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТАҒЫ АБОНЕНТТІК БАЗАНЫҢ ӨСУІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛДЫ
2014 жыл Beeline Қазақстан үшін қарқынды өсу жылы болды. Компания барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер көрсетті – түсім артып, табыс пен клиенттер саны жоғарылады. Абоненттер көбірек сөйлесіп, интернетті де молынан пайдаланатын болды.
Beeline Қазақстан комапниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменконың айтуы бойынша: «Өткен жыл компания үшін өте маңызды жыл болды, біз сапалы өнімдер мен жоғары сапалы қызметтің және Beeline командасының жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесінде тұрақты өсу жолына шықтық. Біз нарықтағы өзгерістерді мұқият қадағалап отырамыз, басқа ойыншылардың шешімдері мен белсенділігін сараптаймыз. Біз 2015 жылы нарықтағы басымдықты ұстап тұруға ниеттіміз».
Негізгі көрсеткіштер
Компанияның жалпы табысы 2013 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 135 267 млн. теңгені құрады. Мобильді сегменттегі түсім 4,1%-ға өссе, мәліметтерді мобильді жолдау сегментінің түсімі 32,4%-ға көтерілді. Клиенттердің саны 669 мыңға артып, 9 827 млн. Құрады.
Компанияның табыстылығы айтарлықтай артып, EBITDA көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға артып, 62 494 млн. теңгені құрады.
Beeline Қазақстан клиенттері, өткен жылғыдай ұзақ сөйлесіп, интернетті қолдануды жалғастыруда, ал қызметтер құны 2014 жылы төмендеуін тоқтатқан жоқ. Минуттың орташа үлестік бағасы 13,9%-ға яғни 3,58 теңгеге дейін төмендеді. Орта есеппен, компания клиенттері айына 309 минут сөйлеседі, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға жоғары, ол кезде орта есеппен ай ішінде сөйлесу уақыты (MOU) 290 минутты құраған. Мобильді интернет трафигі 82,9%-ға артты, бұл компания клиенттерінің өткен жылмен салыстырғанда интернетті екі есе көп пайдаланатынын көрсетеді. 2013 жылы орташа тұтыну айына 148 МБ құраса, 2014 жылы 271 МБ-ты құрайды.
Абоненттің орташа шоты (ARPU) төмендеуді жалғастыруда және 2014 жылы ол 3,4%-ға төмендеп, 1 046 теңгені құрады.
Өнімдер мен қызметтер
Жыл бойы компания өз клиенттерін, негізгі тұжырымдамасы тиімді бағаға жеткілікті қоңыраулар мен SMS-тер, оған қоса жеке қажеттілікке байланысты әртүрлі қызметтер болған, тарифтік ұсыныстармен қуантты. Бұған мысал, «Бәрі қосылған» тарифтік қатары, мұнда Beeline клиенттеріжеткілікті көлемде қоңыраулар мен SMS-тер алды, оларға тек жеке қажеттілігіне қарай интернет топтаманың бірін – M, L немесе LX топтамаларының бірін таңдау жеткілікті болды. Мұнда мерзім соңына дейін қолданылмаған интернет-трафик жойылмай, жинақталды.Осының барлығы ең қажетті әлеуметтік қызметтерге -Youtube, Facebook, Vkontakte, mail.ru тегін қосылу мүмкіндігімен сүйемелденді. «WhatsApp» және «mail.ru Агент» тәрізді танымал мессенджерлер де тыс қалмады – Beeline Қазақстан клиенттері әртүрлі тарифтік жоспарларда оларды тегін қолдануда.
Өткен жылы компания қолданыстағы роуминг ұсыныстарын жаңартты. Нарықта алғаш рет роумингтегі «СуперВиза» қызметтерінің толыққанды топтамасы шығарылды, оның құрамына қол жетімді бағамен минуттар, СМС-тер және лимитсіз интернет кірді. Сондай-ақ Beeline клиенттері «Жеңіл роуминг» қызметінің барлық артықшылықтарын бағалай алды, мұнда күніне 49 теңгеге қызмттер үшін бірыңғай баға беріледі – минутына, СМС-ке немесе мегабайтқа 25 теңге.
2014 жыл корпоративтік нарықты қарқынды дамыту жылы болды. Ең көп қажет етілетін жаңалықтардың бірі клиенттерге теңгерімі нөлге жетсе де қоңырау соғуға мүмкіндік беретін «Сенімді төлем» қызметі болды. Басқа да қызықты өнімдер - Beeline Business Box – ыңғайлы тарифтік жоспары, оған қоса Microsoft Office 365 өніміне жылдық лицензия, TollFree – шақырушы тараптың есебінен қоңырау соғу және FMCN – мобильді және тұрақты телефон желілерін қысқартылған нөмірмен бірыңғай корпоративтік топқа біріктіру де назардан тыс қалмады.
Сымды интернет
«Үйдегі Интернет» қызметі 2014 жылы өзінің алғашқы мерейтойы – 5 жылдықты атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша FTTB бағытының түсімі 15,1%-ға өсті, ал қызметті қолданушылар саны 26,9%-ға өсіп, 363 мыңнан астам қосылуды құрады.
2014 жылы сымды интернет желісіне 4 жаңа қала - Рудный (Қостанай обл.), Балқаш және Абай (Қарағанды обл.), сондай-ақ Хромтау (Ақтөбе обл.) қосылды. Бүгінгі сәтте барлығы 25 қала немесе 1200000 пәтер қосылған.
Жетістіктер мен әлеуметтік үлес
2014 жылы компания, жұмысындағы әртүрлі жетістіктер мен клиенттерге қызмет көрсеткені үшін бірқатар марапаттар алды. ТМД-дағы ең ірі байқау «Хрусталь Гарнитура» - Beeline Қазақстан компаниясының байланыс орталығын байқауға қатысқан жүзден астам байланыс орталықтарының ішінде үздік деп таныды.
Ақпанда компания «Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Асыл Алма» құрмет белгісін алды.
2014 жылы ақпанда «Google Translate + Kazakh» жобасы жылдың үздік әлеуметтік жобасы ретінде Еуропалық Бизнес Ассоциациясының жыл сайынғы жүлдесін жеңіп алды.
Наурызда Beeline Қазақстан трансұлттық компаниялар арасында «Сенім» беделді жүлде нұсқасы бойынша үздік жұмыс беруші ретінде танылды.
Beeline.kz жаңартылған сайты 200-астам үміткерлерді артқа тастап, жыл сайынғы Award.kz жүлдесінің үздік корпоративтік сайты болды.
Өткен жылы компания «Шексіз мүмкіндіктер» кең көлемді әлеуметтік жобасын іске қосты, оның аясында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әлеуметтік мекемелер ұшқыр интернетке тегін қосылады. Бүгінгі күні еліміздің әр қаласынан 6 нысан қосылып үлгерді, 2015-2016 жылдардың жоспарында тағы 20-астам қосылыс тұр. «Шексіз мүмкіндіктер» бағдарламасы бойынша қосылған барлық балалар үйі, интернаттар, бейімдеу орталықтары автоматты түрде Beeline-ның «Жылы жүрек» еріктлер жобасының қарамағына өтеді.
Компания WiFi Bus әлеуметтік жобасын жалғастыруда және жылдам 3G интернетке қалалық автобустарды қосты. 2014 жылы жоба еліміздің 7 қаласында сәтті бастау алды және жақын арада Қазақстанның барлық ірі елді мекендерінде пайда болады.
Beeline ұсынған «Open Media» бастамасының даңқы арта түсуде. Компания клиенттері қазнеттегі ең танымал БАҚ сайттарына тегін қосылу мүмкіндігіне қол жеткізді. Өткен жылы vlast.kz, and.kz, kapital.kz, headline.kz, ratel.kz, mln.kz, yk.kz, prodengi.kz, pavon.kz және tobolinfo.kz сайттарына қосылу мүмкіндіктері ашылды.