АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы антициклон ықпалында болатындықтан, республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Елімізде ақпан айы бойы жылы күн райы сақталды. Өткен тәуліктерде республиканың басым аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 3-10 градусқа жоғары болған болатын.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағы антициклон ықпалында болатындықтан, күн ашық болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Ауа температурасы әлі де нормадан жоғары болады деп болжануда», - делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.