ЖАЛАҚЫҒА ҚАРЫЗ КӨЛЕМІ 49,3 МЛН ТЕҢГЕДЕН 11,6 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛДІ
Өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда облысында нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру есебінен облыс бойынша 11356 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы бүгін облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетова «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында дағдарысқа қарсы шаралар мәселелері бойынша өткен брифингте мәлімдеді.
Облысымыздың бас есепшісінің мәлімдеуінше, облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және экономика дамуы қарқынының бәсеңдеуіне әсер тигізетін теріс фактілерді анықтау, еңбек нарығындағы тұрақты жағдайды ұстап тұру, өндірісте, банк саласында және тұтыну нарығында дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мәселелерін талқылап отыру мақсатында облыстық дағдарысқа қарсы штаб құрылған болатын.
- Өткен жылы аталмыш штаб 12 отырыс өткізді. Онда азық-түлік емес тауарларға, ақылы қызметтерге бағаның өсуіне жол бермеу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар, жалақыға қарыздар көлемін және жұмыссыздық деңгейін азайту сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасатын болады», - деді С.Құлымбетова.
Айта кету керек, қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жалақыға қарыз көлемі 49,3 млн теңгеден 11,6 млн теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді. Ал бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 118994 теңгені құрады, яғни 7,8 пайызға өскен.
Шынар БЕКБАН