БЖЗҚ ТӘУЛІГІНЕ 24 САҒАТ, АПТАСЫНА ЖЕТІ КҮН БАЙЛАНЫСТА
Интернет өзінің қолжетімділігі мен үнемділігінің арқасында БЖЗҚ-мен өзара қарым-қатынастағы аса ыңғайлы тәсіл болып табылады. Ол уақытты біршама үнемдеуге, қор жұмысы мен өз зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты компьютер немесе ұялы телефон арқылы қордың www.enpf.kz сайтынан тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы алуға мүмкіндік береді.
2015 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 372492 салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсілін таңдады.
Интернет арқылы хабарландыру тәсілін таңдау үшін бір рет қордың кез келген бөлімшесіне келіп, хабарландыру тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімді жасасу керек. Зейнетақы жинақтары туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін, келісімді өзіңізге келіп жасау қажет.
Сондай-ақ өзіңіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалана отырып, интернет арқылы өз зейнетақы шотыңызды бақылауға болады (бұл қызмет 2014 жылғы шілдеден бастап қолжетімді бола бастады).
2014 жылғы шілдеден бастап интернет арқылы ақпарат алуды таңдаған Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде қызмет жасайтын смартфондар мен планшеттердің иелері үшін тегін ENPF мобильді қосымшасы қызмет атқарады. Мобильді қосымша екі тілде қызмет жасайды және өз зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмені он-лайн режимінде көруге, жақын маңдағы филиалмен немесе СаІІ-орталықпен байланысуға, сонымен қатар БЖЗҚ туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қосымшаға кіру үшін салымшы www.enpf.kz сайтына кіретін логині мен паролін пайдалана алады.
Мобильді қосымша іске қосылған сәттен бастап 2015 жылғы 1 ақпанға дейін шамамен 31500 жүктеу жүзеге асырылған.