АРДАГЕРЛЕР ҮНЕМІ НАЗАРДА
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Жоланов, аудандық ардагерлер кеңесі, «Жас Отан» мүшелері кеше партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Арал қаласындағы ҰОС ардагерлері Сайден Әбдірайымов, Пахрадин Ибраев және Өтемұрат Айназаровтардың отбасында болып, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен шығарылған жедел көмек көрсету мақсатындағы мобильді қондырғыны арнайы табыстап, олармен пікірлесіп батасын алды.
ҰОС ардагерлері үшін дайындалған қондырғының артықшылығы ардагерлер жанында ешкім болмай, көмек қажет бола қалған жағдайда ұялы телефон құрылғысындағы дабыл нүктесін басып, кез келген уақытта оператор арқылы көмек сұрай алады.
«Арал ауданы бойынша ҰОС қатысқан 10 ардагер бар. Бүгін қаладағы үш ардагерімізге табыстадық. Осы аптаның ішінде қалған жетеуіне міндетті түрде өз қолымызбен салтанатты түрде тапсыратын боламыз. Себебі бұл, қариялар үшін нағыз қажетті және тиімді құрал»- деді өз сөзінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов.