БИЫЛ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ КӨБЕЙІП ТҰР
Биыл жыл басынан бері облыс көлемінде 43 төтенше жағдай тіркелді. Оның ішінде техногенді сипаттағы – 24, табиғи сипаттағы – 21 жағдай. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Сағымбек Өмірзақов хабарлады.
- Облыстық авариялық-құтқару қызметтері осы уақытқа дейін 505 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Авариялық құтқару жұмыстары барысында 331 адамды, оның ішінде 69 баланы құтқарды. Төтенше жағдай аймақтарынан 315 адам көшірілді. Қардан және апаттардан 80 автокөлік шығарылған, - деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда биыл төтенше жағдайда зардап шеккендер саны 83,6 пайызға, төтенше жағдайдан қаза болғандар саны 3,6 пайызға көбейген.
Шынар БЕКБАН