ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА ДЕРЛІК КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның барлық аумағы дерлік антициклон ықпалында болуымен күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі. Республиканың шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашын болып, бұрқасындатады, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.