ҚАРАБАЛИН: МҰНАЙ БАҒАСЫ ТҮСКЕН САЙЫН, БЕНЗИН ДЕ АРЗАНДАЙДЫ
Мұнай бағасы түссе, бензин құны да арзандайды. Бұл туралы бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
"Өздеріңіз де білетіндей, соңғы 1-2 айдың ішінде біз бензин бағасын үш мәрте төмендеттік. Оның себебі, мұнайдың бағасы төмендеген сайын бензиннің де бағасы арзандайды", - деді ол.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, елімізде бензин бағасы Үкімет белгілеген ережеге сәйкес есептелінеді.
"Сол ережеге сәйкес мұнайдың бағасы әлі де төмен түсетін болса, әрине, бензин бағасы да төмендейді. Бірақ мұнай бағасы көтерілер болса, онда бензиннің де бағасы көтерілетіндігі түсінікті", - деді Ұзақбай Қарабалин.
Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан 60 млн тонна мұнай экспорттайтынын мәлім етті.
"2015 жылы мұнай өндіру 80,5 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Мұнайды өңдеу 14,3 млн тонна көлемінде болжануда. Ал мұнай экспорты 60 млн.тонна деңгейінде белгіленді",-деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник 2014 жылы Қазақстан 62,4 млн тонна мұнай экспортталғанын айтқан болатын.
"Өткен жылы мұнай экспортының көлемі 62,4 млн тоннаны құрады, оның ішінде 35 млн тоннасы Каспий құбыр желісі консорциумы құбырының негізгі экспорттық жүйесі бойынша",- деген болатын ведомство басшысы.