АРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРГЕ 4 ПАЙЫЗБЕН АЛҒАШҚЫ НЕСИЕ БЕРІЛДІ
Қызылорда облысының шағын қала санатындағы Арал қаласында жеке кәсіпкердің жобасын 4%-дық үстемемен несиелендіру мақсатында алғашқы кепілдендіру келісім шартына қол қойылды.
Аралдың тұрғыны Берік Жандаулетов «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын қалаларды дамыту бағдарламасымен несие рәсімдеген алғашқы кәсіпкер болып отыр. Өз жобасын жүзеге асыруға алатын несиесін кәсіпкер 4%-бен қайтаратын болады. Еске сала өтсек, шағын қалаларда несие алып бизнес жүргізетін борышкердің несиесіне қойылатын 14% үстеменің 10%-н мемлекет, ал кәсіпкер қалған 4 %-н төлейтін болады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында енгізілген өзгерістердің қатарында шағын және моно қалаларда және сол қалалардың әкімшілік аймағына қарасты ауылдық округтер бизнестің барлық түрін жүзеге асыруға мемлекет тарапынан субсидия/кепілдендіру сияқты қолдау түрлеріне қол жеткізе алады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан несие рәсімдеу кезінде кепілдіктің жетіспеушілігі мәселесін кәсіпкер Берік Жандаулетов «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдендіруі арқылы шешті. Мемлкеттік қолдау аясында Даму Қоры жеке кәсіпкер Берік Жандаулетовтің жобасын 40% көлемінде кепілдендіретін болды. Кәсіпкер несие қаражатына «Батыс Еурова-Батыс Қытай» трассасы бойынан қызмет көрсету кешенін ашуды жоспарлайды. Берік Жандаулетовтың сөзінше, қазіргі таңда Арал ауданында халықаралық автотрасса бойынша жаңа заманға сай жабдықталған, көпфункциялы, жайлы жолбойындағы кешен әлі ашылмаған, сондықтан ол өз жобасының табысты бизнеске айналатынына сенеді. Сонымен қатар, кәсіпкер Берік Жандаулетовтің жобасы жүзеге асқан уақытта Арал ауданың 25 тұрғыны жаңа тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады.