ЖОЛДАҒЫ ТӘРТІПТІ КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғалараның артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарланған болатын. Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері, әкімшілік полицияның жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды.
Жүргізілген рейдтік жұмыстардың бірінші күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған 467 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның тоғызы көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша, жетпіс үші көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша - 95, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару дерегі бойынша - 16, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқару дерегі бойынша 16 заң бұзушылықтар анықталған. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар көріліп, 16 жүргізушінің көлік құралы айыппұл алаңына қойылған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі