ОБЛЫСТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚЫСҚАРМАЙДЫ
Қызылордада жыл басынан дағдарыстың алдын алу, жұмыссыздықты болдырмау және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келісім қабылданды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева мәлімдеді.
Жыл басынан бері облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақ аймақтың 6 кәсіпорнымен жұмыс орындарын сақтау және өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Мұндай меморандумдар саны қазірде 1214-ке жетіп, 69635 адамды құрады. Оның ішінде 84-і ірі, 1130-ы орта және шағын кәсіпорындар. Жарты миллионнан астам қызметшілер ұжымдық шартпен қамтамасыз етілген, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 86,4 пайызын құрайды.
«Бүгінгі күні орын алып отырған экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан әлеуметтік саладағы реформаларды қаржыландыру қысқартылмайды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы жалғасын табатын болады. Аймақта үстіміздегі жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 ақпанға дейінгі мәліметке сәйкес 725 жаңа, тұрақты жұмыс орындары ашылған. Оған 2015 жылғы бюджетте 1 276, 7 млн қаржы қаралды. Облыс бойынша «Гепатит В, С» қосалқы диагнозы нақтыланып қойылған «Жедел лейкоз», «Апластикалық анемия» ауруларына қосалқы тағайындалған дәрі-дәрмектерді сатып алулары үшін әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 6151 мың теңге қаражат бөлініп отыр», - дейді Ж.Жылқышиева.
Фариза ОМАРОВА