АТЫРАУ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ҮШІН НАҚТЫ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту аяқталғаннан кейін мұнайды қайта өңдеу көлемі 29,4%-ға артады, яғни 14 млн. 297 мың/тоннадан 18 жарым млн. тоннаны құрайды.
Мұнайды қайта өңдеудің тереңдігі 83%-90% дейін айтарлықтай артады, осы орайда, сұранысқа ие Аи-92 маркалы бензинді өндіру қазіргі 12,0%-дан 21%-ға, ал Аи-95 және Аи-98 бензині бойынша 0,7%-дан 10%-ға дейін арта түседі.
«2015 жылға арналған ҚР Энергетика министрлігінің бюджетіне 15,1 млрд. теңге, немесе 20,1% құрайтын түзетулер енгізілді. Ағымдағы бағдарламалар бойынша 708,9 млн. теңгеге, сондай-ақ әкімшілік, іс-сапар, күрделі жөндеулер шығыны, сондай-ақ басқа да ағымдық шығындарға түзетулер енгізілді», - дейді Владимир Школьник.