АҚОРДАДА ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН МӘСІМОВ ҮКІМЕТІНІҢ БІР ТОҚСАНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНУДА
Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етуде. «Үкіметтің ағымдағы жылғы басты міндеттері айқындалып, шешімдер қабылданды. Бұл - биылғы Жолдауда айтылған 2050-ге дейінгі бағдарлама. Біз осы бағытта отыз өркендеген елдің қатарынан көрінуіміз керек. Барлық өңірлерді менің тапсырмаммен Үкімет басшысы аралап шықты, әкімдермен кездесті. Бағдарламалар бекітілді, индустриялық жоспарлар бар. Дүниеде болып жатқан алмағайып заманда, оның ішінде ТМД елдерінде орын алған оқиғалар аясында біз де барлық мәселелерді сараптан өткізіп тұруға тиіспіз. Қазақстанға осындай оқиғалардың қиындығы тиеді, ол қай бағытта тиеді, оның алдын алу үшін не істеу керек? Ең негізгі мәселе экономиканы өркендетуді жолға қоюымыз керек. Бүгін негізгі әңгіме осы жайында болады», - деді жиынды ашқан Елбасы Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Президент жаңа Премьердің қызметіне бір тоқсан өткенін, соның қорытындысы жасалатынын атап өтіп, алдағы уақытта не істелетіні талқыланып, ортақ шешім қабылданатынын айтты.
Сонымен қатар, Президент жаңа Премьердің қызметіне бір тоқсан өткенін, соның қорытындысы жасалатынын атап өтіп, алдағы уақытта не істелетіні талқыланып, ортақ шешім қабылданатынын айтты.