ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА МҰНАЙ-ХИМИЯ КЛАСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймағында инфрақұрылымды салу бойынша жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету».
Мемлекеттік даму бағдарламасының шеңберінде Атырау облысында арнайы экономикалық аймақтың индустриалдық инфрақұрылымын дамыту қарастырылған. 2007 жылы ҚР Президентінің № 495 Жарлығымен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймағы («ҰИМТ» АЭА) құрылды, оның аймағы 3 475,9 га құрайды және 3 аумақтан құралған: Қарабатан, Теңіз және Атырау қаласы.
Қазіргі таңда «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймағында мұнай мен газды өндіру және өңдеу, мұнай-газ химиясын, олармен байланысты мұнай-газ өндірісіне арналған машина жасау және сервистік қызметтер бойынша кластердің негізін қалауға бағытталған бірінші ретте іске асырылатын жобалар анықталды. Олар: полипропилен өндіру қуаттылығы жылына 800 мың/тонна; полиэтилен өндіру қуаттылығы жылына 800 мың/тонна; бутадиен өндіру қуаттылығы жылына 250 мың/тонна.
2014 жылдың соңында АЭА қатысушылары үшін электр энергиясын, қысымы жоғары буды өндіруге және тартуға Ұлттық қордан бөлінген жалпы сомасы 24,5 млрд. теңгені құрайтын қаржы есебінен қуаттылыға 310 МВт болатын газ турбина электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру басталды.
Жоғарыда аталған мұнай және химиялық жобаларды іске асыру бойынша құрылыс кезінде 7,8 мың, ал іске қосу кезінде 1,3 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.