2015 ЖЫЛЫ «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖОБАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ
2015 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің (ОКҚ) алаңында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысымен берілген тапсырмалар шеңберіндегі энергетика саласындағы жобаларды іске асыру» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Владимир Школьниктің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі өткізілді.
ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник өз баяндамасында БАҚ өкілдерін Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі ҚР Энергетика министрлігінің Іс-шаралар жоспарымен таныстырды. – 2015 жылдың 11 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында, - Мемлекет басшысы билік органдары алдында бірқатар міндеттер қойды, сондай-ақ ағымдағы жылға және болашаққа бағытталған экономикалық саясаттың нақты шараларын анықтады. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол» Бағдарламысының инвестицияларды тартуда және жаңа жұмыс орындарын ашуда дағдарысқа қарсы тиімді құрал екендігіне ерекше назар аударды, - деп атап өтті министр.
Өз баяндамасында Владимир Школьник Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберіндегі ҚР Энергетика министрлігі қызметінің келесі бағыттарын ерекше атап өтті:
«Теңізшевройл» ЖШС Келешек кеңею жобасы. Қазіргі таңда ТШО Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) және Келешек кеңею жобалары (ККЖ) шеңберінде өндірісті бұдан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
ҰЕҚБЖ шеңберінде ұңғыма өнімдерін жинақтаудың жаңа жүйесін, қысымы жоғары нысандарды, инфрақұрылымдық және қосалқы нысандарды салу жоспарланып отыр.
ККЖ шеңберінде Теңіз кен орнында қуаттылығы жылына 12 млн. тоннаны құрайтын мұнай өңдейтін жаңа зауыт және қуаттылығы жылына 9,4 млрд. м/куб. болатын шикі газды кері айдайтын нысандарды салу жоспарланып отыр. Жобаның іске асуы ТШО-ның жылдық мұнай өндіру көлемін 26,5 млн.тоннадан 38,6 млн. тоннаға арттырады.
Жоғарыда аталған жоспарлар шеңберінде 20 мың жұмыс орнын ашу, кадрларды даярлау және оқыту шаралары қарастырылған, - дейді Владимир Школьник.