30 БАСТАУЫШ КӘСІПКЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға арналған «Сен – кәсіпкерсің!» атты семинар өтті. Семинар-тренингті Жастарды қолдау орталығы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалымен бірлесе ұйымдастырды.
Семинардың жас қатысушылары ұйымдастырушылардан өз бизнесін ашу мен оны табысты жүргізу бойынша ақпарат алды. Тренингті жүргізген Даму Қорының менеджері Анар Қожаниязова жастарға өздігінен маркетингтік анализ жасауды, бәсекелестер арасында жұмыс жасай білуді және өз шығыны мен табысты дұрыс жоспарлай білу, қызметкерлерді басқару мен келісім-шартты жасау жолдарын түсіндірді.
Тренинг барысында жас әрі бастауыш кәсіпкерлер бизнес – жобалар құрып, топ алдында өзінің жобасына таныстырылым жасауға машықтанды. Сонымен қатар, қатысушылардың ойын ұшқыр ететін әрі тапқырлығын арттыратын жаттығулар мен ойындар да ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылардың сөзінде, тренингті ұйымдастыру деңгейі жоғары болды және алдағы уақытта да оқыту жобаларына қатысуға ниет білдірді. Сондай-ақ, 18 бен 29 аралығындағы жастарды оқытуға бағытталған «Жас кәсіпкер мектебі» жобасында кәсіпкерлік негіздеріне және өздігінен бизнес-жоспарды жасауды үйренуге болатыны туралы ақпарат алып, бастауыш кәсіпкерлерге арналған курсқа жазылуға асықты.
Осындай қатысушылардың бірі Қайратбек Сейтжан жас бастауыш кәсіпкер, ол өзінің үлкен ағасымен бірлесіп пластикалық есік, терезе шығару өндіріс саласында бизнес жүргізіп келеді. Сейтжан өзінің ендігі жерде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының базасында өткізілетін барлық оқыту жобаларының ешбірін жібермей қатысатынын айтты.
Семинар соңында - тренингтің 30 қатысушысына «Сен – кәсіпкерсің!» атты семинарға қатысқандығы жөнінде сертификат табысталды.