ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Жастарды қолдау ортылығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығына орай аудан жастары түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеш барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының, «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық бірлестігінің өкілдері ауданымызда түрлі ұлт өкілдеріне жасалап жатқан қолдаулар мен ұлтаралық қатынастың тұрақтылығы жайында өз ойларымен бөлісіп, жастарды Ассамблея жылы аясында ұйымдастырылатын шараларға белсене атсалысуға шақырды.
Сондай-ақ, аудандық студенттер альянсының көшбасшысы Еркін Аманкелдіұлы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы туралы өз ойын ортаға салды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазалы ауданында 290 орыс, 28 кәріс, 23 неміс, 62 татар, 90 өзбек, 21 украин, 8 қырғыз, 2 молдаван, 3 башқұрт, 3 түрікмен, 3 грек және басқа да беларус, поляк өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.