БЖЗҚ АНЫҚТАМАСЫ ЕНДІ EGOV ПОРТАЛЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.
Бүгінгі күні eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкіндігі бар, онда зейнетақы аударымдарының сомасы кіріссіз көрсетілген.
Анықтаманың жаңа түрінде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуі, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар.
«Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. ЕЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның ішінде салымшы белгілі уақыттың ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді», - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев хабарлайды.
Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» тарауы – «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.
«БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын біріктірудің басты мақсаты – бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді әр салымшы өзінің зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады», - дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ерденаев.
2014 жылқорытындысы бойынша, eGov арқылы ЗТМО зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы электрондық анықтамасы 4 млн. астам мәрте алынды. Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесін алу немесе салық декларациясын толтыру үшін қолданыла алады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі