ТҰРҒЫНДАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІМЕН ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Қызылорда қаласының және барлық аудандардағы ірі өнім өндірушілер арасында өткен жылы негізгі азық-түлік тауарларын 5-10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 46 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішев мәлімдеді.
Былтырғы жылы облыс тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бастап 60 жәрмеңке өткізіліп, барлығы 266,4 млн. теңгенің өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылған болатын.
«Облыс халқын азық-түлік және көкөніс, жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2014-2015 жылдарға тұрақтандыру қорына 592,5 млн. теңге қаржыға 6220 мың тонна азық-түлік өнімдерін сатып алуға шешім қабылданды» - дейді Т.Бекішев.
Фариза ОМАРОВА