ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КЕДЕНШІЛЕР КОНТРАБАНДАЛЫҚ ТАУАРДЫ ЗАҢСЫЗ РӘСІМДЕГЕН
Қызылордалық кеденшілер Түркиядан контрабандалық жолмен келген тауарды рәсімдеп берген. Кедендік жүк декларациясы заңдылығын тексерген облыс прокурорлары біраз былықтың бетін ашты. Кеден қызметкерлері салмағы 269 келі тартатын ағаш өңдеу станогының иесін анықтай алмай, жалған құжаттар арқылы өзге адамның атына рәсімдеп жіберген.
Нәтижесінде қызылордалық және шымкенттік 2 азамат әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылып, сот үкімімен 64 мың теңге айыппұл төлеген. Қазірде аймақтың арнайы прокурорлары декларация толтыру заңдылығын өрескел бұзып, жазықсыз азаматтарды айыпқа тартқан кеденшілер ісін қарауда.
- Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері үстінен ҚР ҚК 307 бабы, 2-бөлігінің қызметтік бабын теріс пайдалану, қызметтік жалғандық 314 бабы және 348 бап әкімшілік құқық бұзушылық туралы дәлелдемелерді бұрмалау деген баптармен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда кінәлі адамдар анықталды. Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне аталған баптармен айып тағылып, қазір іс аяқталу сатысында, - арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Жалғас Асқаров.