ОБЛЫСТЫҚ МҰРАҒАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай «Достық - біздің тірегіміз» тақырыбында кездесу өткізілді.
Аталған шараға ҚР-ның еңбегі сіңген ұстазы М.Подольский, Қызылорда облыстық қоғадық келісім орталығының ғылыми-сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы У.Ибраев, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, Қызылорда гуманитарлық-техникалық заң колледжінің оқытушылары мен студенттері, мұрағат саласының қызметкерлері қатысты.
Аталмыш шараны мұрағат директоры Н.Қуанышева ашып, ҚР Президентінің бастамасымен құрылған, әрі биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қалыптасуында маңызды роль атқаратындығын айтты.
Бөлім басшысы Ж.Алтынбаева «Халықтар бірлігі-достықтың негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Қызылорда облыстық келісім орталығының қызметкері Уәлихан Ибраев Қазақстан қалқы Ассамблеясының құрылу тарихына және атқарылып жатқан іс-шаралардың мазмұнына тоқталып, «Біз көпұлтты қоғамбыз. Татулығымыз берік болуы үшін ең бастысы тұрақтылық пен бірлік қажет. Өйткені, бұлар біздің баға жетпес байлығымыз» – деп атап көрсетті. Шара барысында облыстық этномәдени бірлестік өкілдері өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы мағлұмат берді.