КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРМЕН ЖИІ ЖАСАЛАТЫН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің № 176, №11, №257 және №172 орта мектептері оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында «Мен заңдылықты қаншалықты білемін?» атты ток-шоуы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оған Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі С.Смағұлова, Қызылорда ҚІІБ-нің Тасбөгет кенті бөлімшесінің бастығы орынбасары М.Тәжібай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Қ.Жарекеев, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы М.Темірбекқызы қатысты.
Ток-шоуда кенттің төрт мектебінің оқушылары еліміздің Ата Заңы, адам құқықтары мен бостандықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтық қорғалуы мәселелері бойынша пікір талас өтті. Мамандандырылған соттың кеңсе меңгерушісі С.Смағұлова мектеп оқушыларына заң нормаларына енгізілген соңғы өзгерістер, жаңадан қабылданған Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстері, кәмелетке толмағандармен жиі жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар аясына кеңінен тоқталып, олардың сауалдарына жауап берді.