ДҮЙСЕНБІДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша антициклонның ықпалымен күн ашық болады, солтүстікте, шығыста, орталықта және оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды болып, бұрқасын көтеріледі, жел күшейеді, Қазақстан аумағының кейбір жерлерінде тұман түсуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады.