ҚАЗАҚСТАНДА АВТОНЕСИЕ ҮШ ЕСЕГЕ АРЗАНДАЙДЫ
Үкімет отандық машина жасау саласына 20 миллиард теңге бөліп береді, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, аталған ақша екі бағытта жұмсалады. Біріншіден, екінші деңгейлі банктер арқылы қосымша автонесиелер берілетін болады. "Осының арқасында несие алатындар үшін үстеме ақының ең жоғары мөлшері 6 пайыздан аспайды", - дейді Е.Досаев. Екіншіден, заңды тұлғалар үшін қаржылай лизинг беріледі. Оның үстеме ақысы 4 пайыздың айналасында болмақ. Банктердің бүгінгі үстеме ақысы 15 пайыздан 22 пайызға дейін жетеді. Мәселен, Каспийский банкі автонесиені 18 пайызбен берсе, Евразийскийдің үстеме ақысы 22 пайызды құрап отыр. Айта кетейік, Ресей рублі күрт арзандап кеткеннен кейін Қазақстанға арзан көліктер ағылды. Соның салдарынан өзімізде құрастырылатын көліктер өтпей қалды. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің хабарлауынша, елімізде жаңа көліктердің саудасы екі есеге түсіп кетті. "Былтыр екі айдың (қараша-желтоқсан - авт.) ішінде қазақстандықтар 50 мың машина алып келді. Бұл - шамамен біздегі бір жылдық өндірістің жартысы. Соның салдарынан биыл қаңтар айында елімізде жаңа көліктердің саудасы екі есеге түсіп кеткен", - дейді ол.