ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде күн жауын-шашынды, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қостанай, түнде Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетіп, бұрқасындатады.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан. Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болады деп болжануда.